Жолдауға қолдау

“Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлерімен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқыладық.

Жолдауда жаңа заманның сын-тегеуріндеріне лайықты жауап беріп, еліміздің дамуына серпін беретін бастамалар кеңінен айтылды. Әсіресе, цифрлық трансформация, жасанды интеллектті енгізу, әлеуметтік саясат пен адам капиталының сапасын арттыруға бағытталған шаралар ерекше назарға алынды.

Талқылау барысында орталық басшысы Жолдаудағы басым бағыттардың қоғам үшін маңызына тоқталып, оны іске асыру жолында әрқайсымыздың белсенді атсалысуымыз қажет екенін атап өтті.

Жаңа технологиялар дәуірінде мемлекет дамуы мен азаматтардың игілігі үшін қолға алынған бастамалар еліміздің болашағына тың серпін берері сөзсіз.

Мәліметпен бөлісу: