Алакөл аудандық “Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы

«Жанұя» отбасын қолдау және «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы

Алакөл ауданы әкімдігінің 2024 жылдың 30 мамырдағы №173 қаулысына сәйкес «Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

          Құрылған күннен бері «Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жанұя» отбасын қолдау және белсені ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымын Садиев Алмат Тезекбайұлы атқарып келеді.

           «Жанұя» отбасын қолдау орталығы Үшарал қаласы, К.Қасымжанұлы 54А мекен-жайында орналасқан. Нысанның құрылыс алаңы – 186,2 м2, ауқымы – 1224,0 м3,  жалпы алаңы – 313,4 м2, тұрғыны – 175,7 м2. Ғимарат 2 қабатты, 15 бөлме орналасқан.  

           «Жанұя» отбасын қолдау орталығында 20 қызметкер (орталық басшысы, құрылымдық бөлімнің басшысы, бас бухгалтер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі бас маман,  әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызметкер кейс-менеджер, заңгер, психолог, БАҚ жұмыс жөніндегі маман, халықпен профилактикалық жұмыс жөніндегі маман, кадр жөніндегі инспектор және кіші қызметкерлер) жұмыс істейді.

           «Жанұя» отбасын қолдау орталығы – қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға арнап кешенді әлеуметтік қолдау көрсететін арнайы мекеме. Орталық негізгі қызметі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғандарға, көпбалалы және жалғызбасты аналарға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, құжатсыз жүрген азаматтарға және басқа да осал санаттағы адамдарға бағытталған.

Мекеме азаматтарға тек уақытша паналатумен шектелмей, олардың жағдайын тұрақтандыруға, қоғамға қайта бейімделуіне жан-жақты көмек береді. Атап айтқанда, орталықта:

  • Психологиялық қолдау көрсетіледі (стрессті жеңу, ішкі жан күйзелістерін еңсеру, эмоциялық тұрақтылықты қалыптастыру бойынша);
  • Әлеуметтік кеңес беру жүргізіледі (отбасы ішіндегі қарым-қатынас, күнкөріс деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мәселелері бойынша);
  • Заңгерлік көмек ұсынылады (құқықтық сауаттылықты арттыру, алимент өндіру, тұрғылықты жерді заңдастыру, құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесу);
  • Құжаттандыру процесінде қолдау көрсетіледі (жеке куәлік, туу туралы куәлік, әлеуметтік жәрдемақыға құжаттар жинау және т.б.);
  • Балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады (психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, білім беру ұйымдарымен байланыс орнату);
  • Қажет болған жағдайда, арнайы мекемелермен және мемлекеттік органдармен тығыз жұмыстар жүргізіледі.

          Сонымен қатар, орталық денсаулық сақтау, білім беру мекемелерімен және ішкі істер органдарымен және басқа да серіктес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

          2025 жылдың 24 шілде күні «Жанұя» отбасын қолдау орталығы, Алакөл ауданының полиция бөлімі мен аудандық «Алакөл» қоғамдық-саяси газеті арасында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандум жасалды.

Меморандум «Жанұя» отбасын қолдау орталығының жұмысын жүйелендіру, мобильді топқа полиция бөлімінің басшылығы мен 24 ауылдық округтің учаскелік полиция инспекторларын және әлеуметтік салаға жауапты мамандарын енгізу, үш жақты қоян-қолтық қызмет ету, мәліметтермен кедергісіз бөлісу, барлық шараларды БАҚ беттерінде насихаттау, толыққанды ақпараттық қолдау мақсатында жасалды.

Орталық құрамында 223 мобильді топ қызмет атқаруда. Оның ішінде, жергілікті әкімшілік, әлеуметтік педагог, психолог, пробация, Алакөл ауданының полиция бөлімі, учаскелік полиция қызметкерлері, білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау мекемелері қамтылған.

2025 жылдың 5 маусым күні «Жанұя» отбасын қолдау орталығының жанынан «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы бой көтеріп, халық игілігіне қолданысқа берілді.

Ғимараттың жалпы көлемі 600 кв/м құрайды.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы – зейнет жасындағы азаматтарды мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге бейімдеу, олардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту әрі өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жұмыс істейді.

Ашылған сәттен бастап орталыққа 300-ден астам адам келген, олардың ішінде ресми түрде тіркелгендер саны – 62.

Орталықта түрлі бағыттағы 12 үйірмелер тұрақты түрде жұмыс істейді. Атап айтқанда, компьютерлік сауаттылыққа баулу, үстел үсті ойындары (шахмат, шашки, тоғызқұмалақ), ән айту, ағылшын тілін үйрену, сурет салу, тігін және тоқу үйірмелері бар. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында скандинавиялық жүріс пен йога ұйымдастырылып келеді. Қызмет алушылар үшін массаж кабинеті де қарастырылған.

Материалдық-техникалық база да заманауи талаптарға сай жасақталған. Орталықта велотренажер, жүгіру жолы, созылуға арналған турник және үстел теннисі сияқты спорттық құрал-жабдықтар қолданыста.

Бүгінде, орталықта 9 маман қызмет атқаруда.

Мәліметпен бөлісу:

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы – қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға арнап кешенді әлеуметтік қолдау көрсететін арнайы мекеме. Орталық негізгі қызметі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғандарға, көпбалалы және жалғызбасты аналарға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, құжатсыз жүрген азаматтарға және басқа да осал санаттағы адамдарға бағытталған.

  • Психологиялық қолдау көрсетіледі
  • Әлеуметтік кеңес беру жүргізіледі
  • Заңгерлік көмек ұсынылады
  • Құжаттандыру процесінде қолдау көрсетіледі
  • Балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады
  • Қажет болған жағдайда, арнайы мекемелермен және мемлекеттік органдармен тығыз жұмыстар жүргізіледі

Сізге қолдау керек болса немесе сұрақтарыныз болса осы батырма арқылы бізбен байланысанныз болады

Кері байланыс

Орталық ұжымы