
Бүгін Жағатал ауылдық округіндегі Қабанбай батыр атындағы орта мектебінің ұжымымен кездесу өтті. Аталған басқосуға “Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Садиев Алмат Тезекбайұлы арнайы қатысып, қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелер төңірегінде кеңінен ой бөлісті.
Кездесу барысында орталық директоры отбасы құндылықтарын нығайту, ұлттық тәрбие мен жауапкершілікті арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі таңда қоғамда өзекті болып отырған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сталкингтің алдын алу тетіктері, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте кезеңде анықтау мақсатында құрылған мобильді топтың жұмысы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сондай-ақ, кездесуде орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Айжан Асланқызы сөз алып, “Жанұя” орталығының негізгі қызмет бағыттарына, мақсат-міндеттеріне, қызмет алушылар үшін жасалған жағдайлар мен мүмкіндіктер туралы кеңінен баяндады.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, мектеп ұстаздары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

