
Орталық тарапынан Үшарал қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Э. есімді азаматшаға қайырымдылық көмегі көрсетілді. Қазіргі таңда ол отбасы балаларымен бірге жалдамалы пәтерде қоныстанып жатыр.
Мамандар арнайы барып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен қажетті заттарын табыстады. Бұл игі іс отбасының жағдайын біршама жеңілдетіп, олардың көңіліне қуаныш сыйлады.
Орталық қызметкерлерінің айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

