Мобильді топ мүшелерімен кездесу

Жыланды ауылдық округінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің алдын алу мақсатында мобильді топ мүшелерінің қатысуымен маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелердің алдын алу және мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары арасында қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды дер кезінде анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға кешенді қолдау көрсету және мекемелер арасындағы өзара тиімді байланысты күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шара аясында орталықтың кейс-менеджері Жанару Сейдалиева қатысушыларға «FSM social» ақпараттық жүйесінің жұмыс тәртібін таныстырып, әлеуметтік жағдай бойынша хабарлама жолдау, ақпаратты тіркеу және жедел әрекет ету механизмдерін тәжірибелік түрде түсіндірді. Бұл жүйе түрлі сала мамандарының бірлескен жұмысын үйлестіріп, көмекке мұқтаж азаматтарға уақытылы әрі сапалы қолдау көрсетуге мүмкіндік беретіні ерекше атап өтілді.

Мәліметпен бөлісу: