14 қыркүйек Отбасы күніне орай «Жанұя» отбасын қолдау орталығы «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында орталық қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың үйлеріне арнайы барып, 3 отбасыға азық-түлік себетін табыстады.

Шараның басты мақсаты — әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету.
Көмек алған отбасылар өз алғыстарын айтып, осындай игі бастамалардың жалғаса беруіне тілектес екенін жеткізді.
#otbasykuni2025 #otbasynqoldau2025

