
Бүгін Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Мәулен Төлеужановтың төрағалығымен мобильді топ құрамындағы қала және ауылдық округ әкімдерімен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды дер кезінде анықтау мәселесі бойынша кездесу өтті. Кездесуге «Жанұя» отбасын қолдау орталығының басшысы мен мамандары қатысып, қала және ауылдық округ әкімдері “Zoom” платформасы арқылы қосылды.
Жиын барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларды ерте кезеңде анықтау, «FSM social» мобильді қосымшасы арқылы сигнал жолдау жұмыстарын жандандыру және мобильді топ қызметін күшейту мәселелері талқыланды.
Аудан әкімінің орынбасары Мәулен Төлеубекұлы мобильді топ мүшелеріне нақты тапсырмалар жүктеп, әрбір ауылдық округте әлеуметтік осал отбасыларды дер кезінде анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, тиісті органдармен бірлесіп жедел әрекет ету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, «FSM social» жүйесі арқылы сигнал жолдау жұмыстарын тұрақты жүргізу тапсырылды.
Кездесу қорытындысында мобильді топ мүшелеріне жауапкершілікті күшейту, халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсету міндеті жүктелді.

