Қайырымдылық – ізгіліктің белгісі

Орталық әлеуметтік қолдау шаралары аясында көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға қамқорлық көрсетті. Бұл жолы Н. есімді азаматшаның шаңырағына арнайы барып, тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері табысталды.

Мұндай игі істердің басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау білдіру, олардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықтың маңызын арттыру.

Аталған көмек тек материалдық жағынан ғана емес, рухани тұрғыда да үлкен қолдау болып табылады. Өйткені орталық мамандары әрдайым тұрғындармен етене байланыста жұмыс істеп, олардың мұң-мұқтажына құлақ асып келеді.

Мәліметпен бөлісу: