
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ және «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Жауапты әке болу: әкенің құқықтары мен міндеттері” тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға қолдау көрсеткен — «Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы» КММ.
Кездесудің негізгі мақсаты — мектеп оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттер мен қаржылық сауаттылықты дамыту, отбасы құндылықтарын дәріптеу және бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру болып табылады.

Алғашқы кездесу Үшарал қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектепте өтті. Шара барысында оқушыларға отбасы институтының маңызы мен әкенің қоғамдағы, отбасындағы жауапкершілігі жайлы кеңінен түсіндірілді.
Кездесуде Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығының әдіскері, айтыскер ақын Айдарәлі Жанатбек жауапты әке болудың мәні мен міндеттері туралы ой бөліссе, “Жанұя” отбасын қолдау орталығының психологі Жанар Арнаева бала өміріндегі әкенің эмоционалдық және тәрбиелік рөліне тоқталып өтті.

