Жастармен ашық әңгіме: отбасы, тәрбие және өмірлік ұстаным

Үшбұлақ ауылдық округінлегі, Үшбұлақ негізгі орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. 

Мақсаты – оқушылардың бойында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг, интернет биллингті алдын алу, суицидті болдырмау және жасөспірімдердің психологиялық мәдениетін арттыру.

Кездесуге “Жанұя” отбасын қолдау орталығының құрылымдық бөлім басшысы Алмат Есенбеков орталықтың негізгі қызмет бағыттарымен таныстырып, жастардың тәлім тәрбиесі, қоғамдағы рөлі жайлы кеңінен ой өрбітті.

Орталықтың әлеуметтік маманы Айжан Мұратова отбасы құндылығы, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, өзара сыйластық пен сенім, және отбасындағы жылы қарым-қатынастың бала мінезіне әсері туралы айтып өтті.

Ал орталық психологі Жанар Арнаева психологиялық көмек алу жолдары, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, суицидтің алдын алу шаралары, жастар арасындағы әлімжеттік пен буллинг, интернет будлингке қарсы мәдениет туралы да кеңінен сөз қозғады.

Кездесу соңында оқушылар белсенділік танытып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерін білдірді. Іс-шара жастардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға, адамгершілік пен жауапкершілік сезімін күшейтуге бағытталды.

Мәліметпен бөлісу: