Жанама ауылында кездесу өтті

Жанама орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен “Жанұя” отбасын қолдау орталығының қызметін таныстыру және отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Шара барысында орталықтың әлеуметтік сала жөніндегі маманы Айжан Асланқызы орталықтың негізгі бағыттары мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен айтып өтті. Ал орталық психологі Алтынгүл Тойлыққызы оқушылармен бірге психологиялық тренинг өткізіп, өзара сенім мен сыйластықтың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенді пікір алмасты.

Мәліметпен бөлісу: