“Жанұя” отбасын қолдау орталығына “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының келуші қазыналы қарттары арнайы келіп, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты

Қонақтар орталық қызметкерлерімен жүздесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың бағыт-бағдары, көрсетілетін әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау түрлері туралы жан-жақты мәлімет алды.

Орталық директоры Алмат Садиев қарттарымызға орталықтың қоғамдағы маңызы мен рөлі жөнінде ой бөлісіп, “Жанұя” отбасын қолдау орталығының басты мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету, отбасы құндылықтарын нығайту және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау екенін атап өтті.

Кездесу барысында қарттар орталық ғимаратын аралап, қызмет көрсету кабинеттерінің жұмысымен танысып, мамандардың еңбегіне оң бағасын берді. Өз ой-пікірлерін ортаға салып, жылы лебіздерін білдірген қазыналы қариялар орталық қызметіне ризашылықтарын жеткізді.

Шара соңында ақ жаулықты әжелеріміз ақ баталарын беріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Мәліметпен бөлісу: