
25 қазан – Республика күніне орай «Спортты дамыту және бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы» Алакөл аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жетісу облыстық марафоны өтті.
Марафонға 500-ге жуық қатысушы, соның ішінде «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері мен еріктілері белсенді түрде қатысып, спорттық бәсекенің жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

Жарыс қашықтығы 6 шақырымды құрады. Қатысушылар тек жүгірумен шектелмей, гір тасын көтеру, арқан тартыс және қол күрес сынды ұлттық және күш сынасатын спорт түрлерінен де бақтарын сынады.
Марафон қорытындысы бойынша, белсенділігімен және ұйымшылдығымен ерекшеленген «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы «Үздік мекеме» номинациясын иеленіп, арнайы кубокпен марапатталды.

Сонымен қатар, жекелеген жарыстарда да орталық қызметкерлері мен еріктілері үздік нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, ардагерлер арасында Байкал Нығметұлы жүлделі 3-орынды иеленсе, қыздар арасындағы жарыста Никитина Ясмина, Федечко Татьяна және Чайезда Ақерке есімді еріктілеріміз 1, 2 және 3-орындарды жеңіп алды. Жүлдегерлерге естелік сыйлықтар, медальдар және алғыс хаттар табысталды.
Марафонға белсене қатысқан өзге қатысушылар да назардан тыс қалмай, арнайы сертификат және медальдармен марапатталды.

