
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» Халықаралық акциясы аясында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы мен Алакөл ауданының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тобы бірлесіп қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 4 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік себеттері табысталды.

Акцияның басты мақсаты — қоғамда мейірімділік мәдениетін қалыптастыру, адамдарды бір-біріне қолдау көрсетіп, жақсылық жасауға үндеу.

Осындай шаралар арқылы өзара жанашырлықты арттырып, берекелі орта қалыптастыруға үлес қосамыз.
Жақсылық жасап жарысайық!

