Жағатал ауылдық округінде мобильді топ мүшелерімен кездесу өтті

Жағатал ауылдық округінде әлеуметтік мәселелердің алдын алу және тұрғындарға көмек көрсету бағытында мобильді топ мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.

Мобильді топ құрамында учаскелік дәрігер, учаскелік полиция инспекторы, жергілікті әкімдік өкілдері, Қабанбай батыр атындағы орта мектептің директоры мен психологі, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер бар.

Кездесу барысында ауылдық округ аумағындағы қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды дер кезінде анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсету тетіктері талқыланды.

Сонымен қатар қатысушыларға “FSM social” ақпараттық жүйесі арқылы сигнал жолдау және жедел әрекет ету тәртібі түсіндіріліп, тәжірибелік түрде көрсетілді.

Бұл шараның негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық қызметтердің өзара үйлесімді жұмысын арттыру болып табылады.

Мәліметпен бөлісу: