
«111» жедел қызметіне түскен қоңырау негізінде «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мамандары жедел түрде Қабанбай ауылына барып, А. есімді азаматшаға қажетті көмек көрсетті. Жүздесу барысында қызмет алушының денсаулық жағдайының күрт нашарлағаны, ішкі күйзеліске түскені, сондай-ақ психоэмоционалдық көңіл-күйінің тұрақсыз екені анықталып, Қабанбай ауылдық орталық ауруханасына ем қабылдау үшін орталық ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі уақытта қызмет алушы Қабанбай ауылдық орталық ауруханасында толық медициналық ем қабылдап, дәрігерлердің оң қорытындысымен стационардан шығарылды. Денсаулық жағдайы тұрақтанып, жалпы хал-ахуалы жақсарған соң тұрғылықты мекенжайына жеткізілді.
Сонымен қатар, қызмет алушының жағдайы “Жанұя” отбасын қолдау орталығы мамандарының тұрақты бақылауында болады. Қажет болған жағдайда психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстары жалғасын табады.

