Тоқжайлау орта мектебінің оқушыларымен кездесу өтті

Тоқжайлау ауылдық округі, Тоқжайлау орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. 

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, суицидті болдырмау жолдары және жасөспірімдердің психологиялық мәдениетін арттыру болды.

Кездесуге “Жанұя” отбасын қолдау орталығының құрылымдық бөлім басшысы Алмат Есенбеков, әлеуметтік маман Айжан Мұратова және орталық психологі Жанар Арнаева қатысты.

Орталық мамандары кездесуде баяндама жасап, баяндама барысында қатысушыларға орталықтың мақсат-міндеттері мен атқарып жатқан жұмыстары таныстырылды. 

Мамандар отбасы – қоғамның негізі екенін айта келе, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, өзара сыйластық пен сенім, және отбасындағы жылы қарым-қатынастың бала мінезіне әсері туралы ой бөлісті. 

Сондай-ақ психологиялық көмек алу жолдары, суицидтің алдын алу шаралары, арасындағы әлімжеттік пен буллинг, интернет буллингке қарсы мәдениет, тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын-алу туралы да кеңінен сөз қозғалды.

Кездесу соңында оқушылар белсенділік танытып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерін білдірді.

Мәліметпен бөлісу: