
“Жанұя” отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен Теректі ауылдық округінде тұрғындармен жұмыс жүргізу, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу және қолдау шараларын күшейту мақсатында мобильді топ мүшелерімен арнайы кездесу өтті.
Жиынға мобильді топ құрамындағы учаскелік полиция инспекторы, медициналық қызметкері, жергілікті ауылдық округ әкімі, Теректі орта мектебінің директоры мен психологі, сондай-ақ әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты.
Жиналыс барысында ауылдағы осал топтарды ерте анықтау жолдары, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы міндеттер, қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетудің тиімді тәсілдері сөз болды.
Сонымен бірге, қатысушыларға “FSM social” ақпараттық жүйесі арқылы сигнал жолдау, жедел түрде хабарламалар қабылдау және қажетті шараларды қолға алу тәртібі түсіндірілді. Жүйемен жұмыс істеудің практикалық қадамдары да көрсетілді.

Іс-шараның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтердің бірлескен жұмысын күшейту және тұрғындарға көрсетілетін қолдауды жетілдіру.

