
Алакөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тобы, аудандық орталық аурухана қызметкерлері және «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мамандары бірлесіп, “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында түн уақыттағы рейдтік жұмыстарын жүргізді.
Шараның басты мақсаты – әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың жай-күйін анықтау, қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету және тұрмыстық жанжалдардың алдын алу.
Рейд барысында жұмыс тобы Үшарал қаласындағы бірнеше отбасыларға арнайы барып, отбасылардың тұрмыс жағдайымен егжей-тегжейлі танысты. Мамандар әр отбасының әлеуметтік-психологиялық ахуалын бағалап, қажетті кеңестерін берді. Сонымен қатар, ата-аналардың бала тәрбиелеу дағдылары, тұрмыстық қатынастардағы қауіп факторлары және балалардың қауіпсіздік деңгейі де назарға алынды.
Шара аясында отбасыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жөнінде үлестірме қағаздары таратылды. Қызметкерлер құқықтық көмек көрсетіп, қауіпсіздік ережелері және қажет жағдайда қайда жүгінуге болатыны туралы толық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

