Сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Көктем келісімен табиғат түлеп, айнала жаңарып, тазалық жұмыстары да жоспарға сәйкес қарқын ала бастады. Таза орта – тұрғындардың денсаулығы мен жайлы өмір сүруінің басты кепілі.

Осыған орай бүгін Үшарал қалалық әкімдігінің “Таза Қазақстан” сенбілік жұмыстары аясында және Кербұлақ аудандық “Жанұя” отбасын қолдау орталығының “Таза табиғат, таза болашақ” челленджін қолдау мақсатында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында Алакөл ауданының “Жанұя” отбасын қолдау орталығы мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ғимараттарының аумақтары толықтай тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Қызметкерлер ғимарат маңын қоқыстан тазартып, ағаш түптерін ретке келтіріп, аула ішін жинау жұмыстарын жүргізді.

Сенбілікке қос орталықтың қызметкерлері бір кісідей жұмылып, белсенді түрде атсалысты.

Мәліметпен бөлісу: