
“FSMSocial” жүйесі арқылы түскен сигнал негізінде “Жанұя” отбасын қолдау орталығының мамандары Ү есімді азаматшаның тұрғылықты мекенжайына барып, жағдайына зерделеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу барысында Ү есімді азаматша мен жұбайы арасында түсініспеушілік туындап, отбасылық кикілжің орын алғаны анықталды. Ұрыс-керіс барысында өзара жанжал туындап, қол жұмсау фактілері орын алған.
Мамандар тарапынан азаматшаға құқықтық және әлеуметтік түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, отбасындағы жанжалды бейбіт жолмен шешу, өзара сыйластық пен түсіністікті сақтау жөнінде кеңес берілді. Қажет болған жағдайда тиісті мекемелерге жүгіну мүмкіндігі түсіндірілді.

