
Алакөл аудандық “Жанұя” отбасын қолдау орталығының мобильді топ мүшелері жалғызбасты анамен кездесіп, тұрмыс жағдайын зерделеп қайтты. Қызмет алушының екі баласы қазіргі уақытта М.Мыңбайұлы атындағы мектеп-интернатта білім алуда. Алайда анасы балаларын өз үйіне жақын маңдағы мектепке ауыстыруды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Кездесу барысында орталық мамандары анаға жан-жақты кеңес беріп, оны “FSM social” бағдарламасына тіркеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау тетіктері мен әлеуметтік қызмет түрлері жайлы ақпарат ұсынылды.

