
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын игі бастамалардың бірі — Республикалық “Мектепке жол” акциясы биыл да жалғасын табуда.
Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындап, қуаныш пен үміт сыйлау.
Осы орайда ««Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының басшылығы мен қызметкерлері акцияға белсене атсалысып, қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Орталық ұжымы 250 000 теңге көлемінде әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасының балаларына мектепке қажетті киім-кешектері мен оқу құралдарын алып беріп, жаңа оқу жылын шат көңілмен бастауға себепкер болды.
Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы анаға қолдау білдіріп, тұрғын үйін ретке келтіруге қажетті құрылыс материалдарын сатып алып, табыстады.
Жақсылық жасап жарысайық!

