Әлеуметтік жағдай зерделенді

“Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мобильді топ мүшелері Үшарал қаласының тұрғыны, жалғызбасты көпбалалы ана А. есімді азаматшаның үйіне барып, жағдайын зерделеді.

Кездесу барысында орталық психологі қызмет алушыдан сауалнама алып, психологиялық сұхбат жүргізді. Сонымен қатар оның әлеуметтік жағдайына байланысты мәселелер қарастырылып, алдағы уақытта көрсетілетін қолдау шаралары нақтыланды.

Қызмет алушы орталық мамандарының жіті бақылауында.

Мәліметпен бөлісу: