Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай мерекелік қабылдау өтті

26 қазан – Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ғимаратында орталық директорының мерекелік қабылдауы өтті.

Іс-шараға Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айнагүл Садирбекова, “Amanat” партиясының Алакөл ауданы бойынша филиалының төрағасы Қайрат Көкебаев, Алакөл аудандық мәслихаты, Алакөл аудандық полиция бөлімі, Алакөл аудандық білім бөлімі, Алакөл аудандық орталық ауруханасы басшылары арнайы қатысып, әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мерекелік жиында “Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Алмат Садиев ұжым қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, олардың қоғамдағы жауапты еңбегіне жоғары баға беріп, табыс пен сәттілік тіледі.

Шара барысында “Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығына Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Мәулен Төлеужановтың, “Amanat” партиясы аудандық филиалы төрағасы Қайрат Көкебаевтың, Алакөл аудандық мәслихаты төрағасы Досан Каримовтың, Алакөл аудандық білім бөлімі басшысы Асет Ибраимовтың, Алакөл аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Нұржан Берікұлының, және орталық аурухана директоры Асхат Бутабаевтың алғыс хаттары мен “Құрмет грамоталары” табысталды.

Сонымен қатар, әлеуметтік салада абыроймен еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген орталық қызметкерлері де аудандық бөлім және мекеме басшыларының “Құрмет грамотасы” мен алғыс хаттарымен марапатталды. 

“Жанұя” еріктілерінің белсенді еңбегі де елеусіз қалмады. Еріктілер Чайезда Ақерке мен Құдайберген Әбубәкірге орталық директорының алғыс хаты табысталды. Ал спорттық сайыстарда жүлделі орындарға ие болған еріктілер алғыс хаттармен және медальдармен марапатталды.

Сондай-ақ, “Жанұя” еріктілеріне арнайы куәлік табысталды.

Мерекелік қабылдау жылы лебіздер мен ізгі тілектерге толы қуанышты сәттерге ұласты.

Мәліметпен бөлісу: