
Алакөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Мәулен Төлеужановтың төрағалығымен әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған мерекелік қабылдау өтті.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары әлеуметтік сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоғамның әлсіз топтарын қорғау мен тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жолындағы еңбектеріне жоғары баға берді.

Сондай-ақ, әлеуметтік қолдау бағытында жүйелі жұмыс істеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келе жатқан бірнеше қызметкерлерге аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хатын табыстады.
Атап айтқанда, “Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Садиев Алмат Тезекбайұлына “Құрмет грамотасы” мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының әдіскер-үйлестірушісі Жанар Бодауоваға “Алғыс хат” табысталды.

