
“Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мобильді топ мүшелері әлеуметтік жағдайы төмен және орталықтың қызметін алып жүрген тұрғындардың үйіне арнайы барып, зерделеу жұмыстарын жалғастыруда.
Соның бірі – Үшарал қаласының тұрғыны, І топтағы мүгедек Н. есімді азаматшаның отбасылық жағдайы қаралды. Қазіргі таңда ол қызы және немересімен бірге жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.
Мобильді топ мүшелері жағдайды жан-жақты зерделеп, тиісті қолдау шараларын қарастыруда. Нәтижесінде орталықтың ықпалымен азаматшаның зейнеткерлікке шығуына қажетті құжаттар рәсімделіп, әлеуметтік құқықтарын пайдалануына көмек көрсетілуде.

