
Алакөл ауданының «Жанұя» отбасын қолдау орталығында кезекті тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинарға Кербұлақ ауданының «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры Дәурен Ғаббасұлы арнайы келіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс жүргізудің тиімді алгоритмдері, әлеуметтік сүйемелдеу тәртібі, мобильді топтың қызметін ұйымдастыру, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, сондай-ақ құжат айналымын жүргізу ерекшеліктері жан-жақты талқыланды.
Семинар барысында қатысушылар практикалық тәжірибелермен алмасып, нақты жұмыс барысында туындайтын жағдайларды талқылады. Алакөл ауданының «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мамандары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасып, тәжірибеде қолданылатын тиімді тәсілдер туралы құнды мәліметтер алды.

