«Әйел және қоғам: тең мүмкіндіктер» тақырыбында кездесу өтті

Алакөл көпсалалы колледжінің студент қыздары мен ұстаздарының қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Әйел және қоғам: тең мүмкіндіктер» атты мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. 

Шараның басты мақсаты – жұмысшы мамандықтағы қыз-келіншектердің қоғамдағы орны, кәсіби дамуы мен өмірлік перспективаларын талқылап, тәжірибе алмасуға арналған ашық диалог алаңын құру.

Кездесу барысында білім беру саласының ардагері, ауданның құрметті азаматы Қсталаcова Қоңыржай Жағыппарқызы білім мен тәрбие арқылы әйелдің қоғамдағы орны, жұмысшы әйелдің негізгі міндеті, әйелге тән қасиеттер тақырыбында сөз сөйледі. Сондай-ақ, еңбек ардагері Аханова Айгүл Әлменқызы «Жұмысшы мамандықтағы әйелдің өмірлік табандылығы және кәсіби өсуі, гендерлік теңдік идеясын ілгерілету, әйел теңдігі» тақырыбында баяндама жасады. Ол еңбек жолындағы қиындықтарды еңсеру, мамандыққа деген адалдық, жұмыстағы табыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтау жайында кеңестерін бөлісті.

“Жанұя” отбасын қолдау орталығының психологі Арнаева Жанар Талғатқызы қоғамдағы өзекті мәселелер «Әйелдің психологиялық саулығы және әлеуметтік тепе-теңдік, гендерлік теңдік саясаты» тақырыбында сөз сөйледі. Психолог әйелдердің психологиялық тұрақтылығы, өзіне сенім, жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселелеріне назар аударды. Ол жұмысшы қыздардың өз мамандығын меңгеріп, өмірде табысқа жетуі үшін психологиялық қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кездесу барысында студент қыздар мен ұстаздар өз сұрақтарын қойып, тәжірибе мен ойларын бөлісіп, ашық пікір алмасты.

Мәліметпен бөлісу: