Қиын сәтте қолдау көрсетілді

“Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының мобильді тобы Бескөл ауылдық округінде төтенше жағдайға тап болған азаматшаның үйіне арнайы барды. Электр жүйесіндегі ақау салдарынан баспанасын өрт шалған С. есімді тұрғынмен жүздесіп, мамандар оның жағдайын тыңдап, жан-жақты қолдау көрсетті.

Кездесу барысында орталық психологы психологиялық кеңес беріп, рухани демеу болса, әлеуметтік қызметкерлер алдағы уақытта қажетті көмек түрлерін алу жолдарын түсіндірді.

Орталық мамандарының айтуынша, мұндай жағдайға тап болған әр отбасыға жан-жақты қолдау көрсету – басты міндет. 

Мәліметпен бөлісу: