
“Жанұя” отбасын қолдау орталығы мен “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының мамандары тұрғындар жиі жиналатын қоғамдық орындарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Шара барысында азаматтарға орталықтардың қызмет бағыттары мен көрсетілетін қолдау түрлері таныстырылып, 50-ге жуық ақпараттық парақшалар таратылды.

“Жанұя” отбасын қолдау орталығы – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсететін мекеме. Мұнда отбасылық қатынастарға қатысты кеңес алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құжат рәсімдеу және жұмыспен қамту сынды өзекті мәселелер бойынша қолдау көрсетіледі.

“Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығы – зейнет жасындағы азаматтарға арналған демалыс және дамуға бағытталған кеңістік. Мұнда егде жастағылар бос уақытын тиімді өткізіп, денсаулығын нығайтып, түрлі үйірмелер мен кездесулерге қатысу арқылы белсенді өмір салтын жалғастыра алады.
Орталықтардың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды сақтау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және әр азаматқа жан-жақты қолдау көрсету.

