Еріктілер сенбілікке үн қосты

Мемлекет басшысының 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында “Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен “Таза жұма” атты сенбілік жұмыстары өткізілді.

Сенбілікке 20-ға жуық “Жанұя” еріктілері қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Белсенді жастар қала аумағындағы көше бойын қоқыстан тазартып, 5 тоннадан астам тұрмыстық қалдықты шығарды.

Игі шарада Үшарал қалалық әкімінің орынбасары Айдос Исатаев сенбілікке белсене қатысып, туған жердің көркеюіне атсалысқан “Жанұя” еріктілеріне өз алғысын білдірді.

Сонымен қатар, қалалық әкімдіктің бас маманы Наркен Ыбрайханов та жастардың белсенділігін жоғары бағалап, “Жанұя” орталығының экологиялық мәдениетті дамытуға қосып жатқан үлесін айрықша атап өтті.

Мәліметпен бөлісу: