Бескөл ауылдық округінде мобильді топ мүшелерімен кездесу өтті

Бескөл ауылдық округінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әлеуметтік әлсіз отбасыларға қолдау көрсету мақсатында мобильді топ мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды.

Мобильді топ құрамына учаскелік полиция инспекторы, дәрігер, жергілікті әкімдік өкілдері, мектеп директоры мен психолог, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер қамтылған.

Кездесуде ауылдағы сәтсіз және қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды анықтау, оларға дер кезінде көмек көрсету, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушыларға “FSM social” бағдарламасы арқылы отбасылар туралы деректерді енгізу және шұғыл сигнал беру жүйесінің тәртібі түсіндірілді.

Мәліметпен бөлісу: