Басшы орталық жұмысымен танысты

Алакөл ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айнагүл Садирбековна арнайы келіп, орталықтың жұмыс барысымен танысты.

Кездесу барысында бөлім басшысы орталыққа келуші ардақты қарттармен жүздесіп, олардың хал-жағдайын сұрап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, алдағы мерекелерімен құттықтап, орталықта көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасына, ұйымдастырылып отырған түрлі мәдени-танымдық және сауықтыру шараларына ерекше тоқталды.

Өз кезегінде орталыққа келуші қариялар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Олар орталықта көрсетіліп жатқан қызметке ризашылықтарын білдіріп, бос уақыттарын тиімді өткізуге жасалып отырған жағдайлар үшін алғыстарын жеткізді.

Кездесу соңында Айнагүл Садирбековна орталық жұмысына оң бағасын беріп, алдағы уақытта да қарттардың белсенді өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін атап өтті.

Мәліметпен бөлісу: