
“Жанұя” отбасын қолдау орталығында С.Иманасов атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін “Ашық есік күні” ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар орталықтың жұмыс бағыттарымен, негізгі мақсат-міндеттерімен және тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік, психологиялық, құқықтық қызмет түрлерімен кеңінен танысты. Сондай-ақ, орталық мамандарының атқаратын қызметі, қызмет алушыларға жасалған қолайлы жағдайлар мен көрсетілетін көмектің маңызын түсіндірді.
Іс-шара соңында орталық директоры Алмат Тезекбайұлы оқу орнының белсенді ынтымақтастығы үшін С.Иманасов атындағы орта мектебінің менторы Құсни Берікқызына арнайы алғыс хат табыстады.


