Қарттар — ұлттың шежіресі, өнегенің бастауы.

2025 жылдың 23 шілде күні Үшарал қаласы, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өмірін ел мен жердің игілігіне арнаған, әрбір ісімен кейінгі ұрпаққа үлгі болған қадірлі қарттарымызға арналған тағылымды іс-шара өтті.

Жиын барысында ардақты қарияларымыз пікір алмасып, өмірлік тәжірибелерімен, тағылымды ойларымен бөлісті.

Осындай ұрпақ тәрбиелеген ата-әжелерімізге деген құрмет — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Оларға жылы сөз, шын көңіл, құрмет пен қамқорлық көрсету арқылы біз ұлттың тамырына тіршілік нәрін береміз.

Мәліметпен бөлісу: