Қариялар бас қосты

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ауданның белсенді азаматтары мен орталықтың қызметін алушы қарттар арасында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. 

Шараның негізгі мақсаты – аға буын мен орта буын арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде ашық пікір алмасу болды.

Кездесу барысында отбасы жарасымдылығы, ұрпақтар арасындағы өзара сыйластық, жастардың тәлім-тәрбиесі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыру секілді тақырыптар талқыланды.

Орталық директоры Алмат Садиев жиналғандарға екі әлеуметтік орталықтың бағыттары мен қызметін таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстар жайында жан-жақты баяндады. Ол өз сөзінде мұндай орталықтардың негізгі міндеті – егде жастағы азаматтардың өмір сапасын жақсарту, олардың белсенді өмір салтын ұстануына мүмкіндік жасау және әлеуметтік қолдау көрсету екенін атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе бөлісті. Қарттар жастардың өмірге деген көзқарасы мен жауапкершілігін арттыру бағытында өз өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтіріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Мәліметпен бөлісу: