Қарабұлақ орта мектебінде кездесу өтті

Қарабұлақ орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен “Жанұя” отбасын қолдау орталығының қызметін таныстыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында кездесу өтті.

Шара барысында орталықтың әлеуметтік қызметкері, кейс-менеджер Жанару Ризамазқызы орталықтың негізгі жұмыс бағыттары, көрсетілетін әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау түрлері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Ал орталық психологі Жанар Талғатқызы оқушылармен өзара сенім мен түсіністікті қалыптастыруға бағытталған психологиялық тренинг өткізді.

Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы сыйластық пен жауапкершілік тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында оқушылар өз ойларын ашық айтып, пікір алмасуға белсенді қатысты.

Мәліметпен бөлісу: