Алғыс айту күніне орай челленджді

Алакөл ауданының «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Алғыс айту күніне орай челленджді Кербұлақ ауданынан қабыл алып, ізгі бастаманы жалғастырады.

Бұл бейнероликте алғыс айту – адамдықтың асыл қасиеті, бірлік пен татулықтың негізі екені кеңінен айтылды. Ризашылық білдіру – жүректегі жылуды бөлісу, жақсылықты бағалау, айналаңа мейірім сыйлау екенін жеткіздік.

Жылы лебізге толы бұл эстафетаны жалғай отырып, челленджді Сарқан және Ақсу аудандарына жолдаймыз. Әр жүректе алғыс сезімі артып, береке-бірлігіміз нығая берсін!

Мәліметпен бөлісу: