
1 Наурыз – Алғыс айту күніне орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Алғыс айту – ізгіліктің бастауы» атты жүрекке жылу сыйлаған тағылымды іс-шара өтті.
Шара шымылдығын орталық директоры Садиев Алмат Тезекбайұлы ашып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, аға буынға деген құрмет пен ризашылықтың маңызын атап өтті.
Мереке барысында орталықтың ақ жаулықты аналары мен ақ сақалды аталарына құрмет көрсетіліп, өмірлік тәжірибесі мен ақ батасына алғыс білдірілді. Арнайы келген қонақтар – JJPro спорт өнер мектебінің жас өнерпаздары әсерлі өнерлерін ұсынып, кештің шырайын аша түсті. Сондай-ақ сахна төрінде «Таңшолпан» би ансамблі ұлттық нақыштағы көркем биін билеп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кеш барысында домбыра үні күмбірлеп, поэзия оқылып, әсем әндер шырқалды. Шара аға буынға деген құрметті арттырып, бірлік пен сыйластықтың маңызын айшықтай түсті

