Қайырымдылық көмегі көрсетілді

“Жанұя” отбасын қолдау және Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығында 1 қазан — Қарттар күніне орай айлық іс-шаралар өткізілуде. 

Жоспар негізінде ауданымыздан қарттарына  қайырымдылық, игі іс жасау мақсатында “Жүректен жүрекке” атты волонтерлік қолдау акциясы өткізілді.

Ізгілік пен қамқорлыққа толы бұл бастама ардагерлердің жүрегіне жылулық сыйлап, жастарға үлгі болды. 

Орталық қызметкерлері тыл ардагері Айтжан Қыдырбаев атамыз бен Жауһар Шәкербеқызына орталықтың атынан азық-түлік табыстап, мерекемен құттықтап қайтты.

Ардагерлер өз кезегінде ақ батасын беріп, ризашылығын жеткізді.

#otbasykuni2025 #otbasynqoldau2025

Мәліметпен бөлісу: