Абай – ұлттың рухани шамшырағы

Бүгін қазақтың кемеңгер ойшылы, ұлы ақын, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Оның өлеңдері мен қара сөздері – ұрпаққа мәңгілік өнеге, жүректерге сәуле, саналарға бағдар.

Осыған орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында “Абай – халық қазынасы” атты танымдық шара өткізілді. Шара барысында ардагер қарттар Абайдың мұрасы жайлы ойларымен бөлісіп, шығармаларынан үзінділер оқыды. Іс-шараға 28 адам қатысты.

#Абай180 #АбайМұрасы #ҰлтРухы

Мәліметпен бөлісу: