2026 жылғы 31 наурыз күні Сарқан ауданындағы «Жанұя отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы КММ базасында жұмыс кездесуі өтті


Аталған іс-шараға «Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры, Жетісу облысы бойынша пулының өкілі Д. Жұмағалиев ресми іссапармен келді. Сонымен қатар, Алакөл ауданының өкілдері де қатысып, тәжірибе алмасуға атсалысты.
Іссапар барысында орталық қызметкерлеріне FSMSocial ақпараттық жүйесін қолдану бойынша әдістемелік оқыту жүргізіліп, әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері жан-жақты талқыланды.
Бұл кездесу қызмет сапасын арттыру және өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Мәліметпен бөлісу: