Қазыналы қарттарым

11 шілде күні Үшарал қаласында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ақтүбек ауылдық мәдениет үйі және Аналар қеңесінің төрағасы Түгелова Қаршыға Түгелқызының ұйымдастыруымен “Қазыналы қарттарым” атты іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты қарттарымызды сыйлау, олардан үлгі-өнеге алу.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай:

«Ақиқатты айқындап жариялар,

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,

Бара жатыр сарқылып дариялар», – деп қарияла­рымыздың азайып бара жатқандығын сөзге тиек ете отырып, көзі тірі ата-әжелерімізді қадірлеп, сыйлып, құрмет көрсетуге шақыру.

Іс-шара барысында Ақтүбек ауылдық мәдениет үйінің директоры Маденов Жеңіс Әубәкірұлы, көркем жетекшісі Төлеуов Саят Серікболұлы, мәдениет үйіміздің өнерпазы Қарақбаева Гауһар және “Ақ әжелер” ансабілі өз өнерлерін ортаға ұсынды.

Сонымен қатар қазыналы қарттарға Аналар қеңесінің төрайымы және Ақтүбек ауылдық “Ақ әжелер” ансамбілі тойбастар тарту етілді.

Қатысқандар саны: 37

Мәліметпен бөлісу: