
Бүгін “Жанұя” отбасын қолдау орталығында Отбасы күніне орай қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында “Зорлық-зомбылықсыз – жарқын болашақ” атты сараптама алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан жастары мен жас-жұбайлар қатысып, отбасы институтын нығайтудың жолдары, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тәсілдері, сондай-ақ бақытты шаңырақтың берік қағидаттары кеңінен талқыланды.
Жастар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, пікірталас алаңына айналды.
Шара соңында орталық психологы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында арнайы сауалнама жүргізіп, қатысушылардың ой-пікірін жинақтады.
@halykkakomek_7su @ermek_mizambaev
#otbasykuni2025 #otbasynqoldau2025

