
Бүгін ««Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясының ұстаздары мен оқушыларымен кездесу өткізді.
Шараның басты мақсаты — орталықтың жұмыс бағытын, атқаратын негізгі қызметін таныстырып, жас ұрпаққа отбасы құндылықтарын дәріптеу болды.

Кездесу барысында орталық қызметкерлері мекеменің негізгі мақсат-міндеттерімен бөлісіп, мобильді топтың жұмысы, “FSM Social” бағдарламасының мүмкіндіктері және қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — сәтсіз отбасылар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жайында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұстаздар бұл бастаманы құптап, жасөспірімдер үшін пайдалы әрі тағылымды ақпарат алғандарын атап өтті.

