Мобильді тобы аудандық полиция бөлімі қызметкерімен бірлесе отырып, Н есімді зейнеткер азаматшаның отбасына зерделеу жұмыстарын жүргізді

Алакөл ауданы «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мобильді тобы аудандық полиция бөлімі қызметкерімен бірлесе отырып, Н есімді зейнеткер азаматшаның отбасына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы қаралып, қажеттіліктері анықталды. Мамандар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету бағыттары бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, алдағы уақытта көрсетілетін көмектер мен қолдау шаралары нақтыланды.

Мобильді топтың басты мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде көмек көрсету, олардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ету және құқықтық, психологиялық, әлеуметтік тұрғыда жан-жақты қолдау білдіру.

Әрбір отбасының әл-ауқаты – біздің басты назарымызда.

Мәліметпен бөлісу: