БАҚ-пен тиімді байланыс – табысты коммуникация кепілі

Бүгін Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен «БАҚ-пен байланыс және қоғаммен тиімді коммуникация» тақырыбында онлайн кездесу өтті.

“Zoom” платформасы арқылы өткен онлайн кездесуде орталықтың БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Орынбетова Мақпал Қасымқызы баяндама жасап, ақпараттық саясатты тиімді жүргізудің негізгі тетіктеріне тоқталды.

Кездесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарымен жүйелі жұмыс жүргізу, қоғаммен сенімді әрі ашық коммуникация орнату тәсілдері, сондай-ақ әлеуметтік саладағы нақты тәжірибелер мен кейстер кеңінен талқыланды.

Іс-шара нәтижесінде қатысушылар коммуникацияның практикалық құралдарын меңгеріп, оларды күнделікті қызмет барысында тиімді қолдануға бағыт алды.

Мәліметпен бөлісу: