«Жақсылық жасап, жарысайық» – жүректен шыққан жылу

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Жақсылық жасап, жарысайық» акциясы жалғасуда. Бұл жолы орталық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жиналған азық-түлік қоржыны жалғыз тұратын қария атамызға табысталды.

Қайырымдылық – тек көмек беру ғана емес, ол – көңіл бөлу, жан жылуын сыйлау, шынайы қамқорлық таныту. Атаның ақ батасын алып, алғысын есту – біз үшін үлкен мәртебе әрі рухани қуаныш.

Осындай игі істер арқылы қоғамда мейірім мен жанашырлық арта берсін. Бір-бірімізге сүйеу болып, жақсылық жасап жарысайық!

Мәліметпен бөлісу: