Аудан прокуроры жұмыс сапарымен орталықта

Аудан прокуроры Сержан Ербатырұлы Байбатыров, аудан әкімінің орынбасары Мәулен Төлеубекұлы мен “Amanat” партиясы Алакөл ауданы бойынша филиалының төрағасы Қайрат Төребайұлы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына арнайы жұмыс сапарымен келіп, мекеменің тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты.

Кездесу барысында орталық директоры Алмат Садиев қонақтарды орталық ғимаратымен таныстырып, қызмет көрсетілетін барлық бөлмелерді аралатты. Сонымен қатар, ауданымыздағы қарт азаматтардың бос уақытын тиімді өткізуі, олардың денсаулығын нығайту, әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан игі бастамалар мен күнделікті жұмыс барысы туралы кеңінен баяндады.

Жұмыс сапары кезінде көрсетілетін қызметтердің сапасы, ұйымдастырылған үйірмелер мен шаралардың маңыздылығы, орталықтың материалдық-техникалық жағдайы да назардан тыс қалмады. Қарттардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бұл жұмыстар аудан прокуроры тарапынан оң бағаланып, атқарылып жатқан істерге ризашылық білдірілді.

Сапар қорытындысында аудан прокуроры орталық қызметін одан әрі жетілдіру, көрсетілетін қызмет аясын кеңейту бағытында бірқатар нақты тапсырмалар беріп, әлеуметтік маңызы зор бұл істің жүйелі тү

Мәліметпен бөлісу: